Жекешелендіру

Жекешелендірудің екінші толқыны объектілері бойынша ақпарат

Жекешелендіру – ол экономиканы мемлекеттік иелігінен алу бойынша рәсімдер жиынтығының басты бөлігі. Нарықтық механизмдермен реттелетін директивті мемлекеттік басқарудан оның басқа нысандарына өту мемлекеттік иелігінен алу болып табылады.

Жекешелендірудің бірінші толқыны нарықтық экономиканың негіздерін құру мақсатында 90-шы жылдардың басында елдің басшылығымен өткізілді. Алайда, кәсіпорындардың белгілі саны мемлекетік меншікте қалған болатын, ал көптеген компаниялар мен даму институттары жекешелендірудің бірінші толқыны өткеннен кейін ғана құрылды.

Қазіргі компания бұрынғы бағдарламадан басым ашықтығымен, айқындылығымен және ұйымдардың сауда-саттыққа шығарылатын мемлекеттік иелену үлестерін/акцияларын сатып алуға тұлғалардың айрықша санын тартуымен айрықша.

ҚР Президентімен 2014 жылғы қаңтардың ортасында Жекешелендірудің кешенді бағдарламасы қабылданды. Халыққа жолдауында ол мемлекеттік қатысумен барлық компаниялар мен ұйымдарды талдауды өткізуді және жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізбесін айқындауды тапсырды.

Бағдарлама Сингапур үкіметінің «YellowPagesRule» принциптерінде негізделген. Оның мәні бизнес-құрылымдардың санынан ең болмаса бір бәсекеші бар кәсіпорындар жеке секторына беруіге жатады. Бұл стратегиялық маңызды объектілеріне жатпайды.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкіметпен 2014 жылғы 31 наурызда Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы (ҚРҮҚ 280), сондай-ақ бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар тізбесі бекітілді.

Объектілер мен активтерді жүзеге асыру механизмнің ашықтығын жоғары деңгейін қатамасыз ету мақсатында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (gosreestr.kz) электрондық сауда алаңы арқылы оларды сату туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік жекешелендіру бизнесте мемлекеттік қатысуын қысқарту мақсатында өткізіледі. Ол экономиканы нығайтуға себеп болады.

Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жауапкершілік

1. кәсіпорындар мен жұмыс орындарының профилін сақтау –талаптарды сақтамау кезінде жеңімпазға шартты бұзуға дейін санкциялар қолданылады;

2. Сатып алу шарттары конкурс шарттарында қол қойылады. Бөлек жағдайында басқалар мүмкін, жоғары белгіленгеннен басқа.

3. Сатып алушылар ҚР Үкіметінің жанында стратегиялық объектілер бойынша комиссияның рұқсаты берілген жағдайында ғана стратегиялық объектінің үлесін сатып алу мүмкін. Сондай-ақ, ұлттық қызығушылығын сақтау үшін заңнамалық шектеулері мүмкін.

4. Жекешелендіретін компаниялардың үлесі бірыңғай бөлінбейтін лотпен сатылады, объектінің стратегиялық маңыздылығы жағдайында сатып алушыға бақыланбайтын топтамасы (49%) ұсынылады. Ол активтердің мемлекеттік бақылауды сақтауына кепілдеме береді.

Таңдау критерийі:

- қызметтің негізгі профиліне сәйкессіздігі;

- қызметтің ұқсас түрлерін жүзеге асыратын басқа компаниялардың нарығына қатысу;

- мемлекетпен әлеуметтік қолдау функцияларын орындау кезінде қоғамдық маңыздылығының болмауы.

Жекешелендіру принциптері

Кәсіпорындарды сату негізіне 3 принцип салынды:

1. Айқындылық. Электрондық сауда-саттықты өткізу процесін Қаржы министрлігінің электрондық алаңы www.gosreestr.kz қамтамасыз етеді.

2. Заңдылық. Егер активте басқа қатысушы болса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған сатып алудың артықшылық құқық ұсынылады. Бас тартқан жағдайында объект сауда-саттықта сатылады.

3. Экономикалық жөнділігі. Барлық активтер ең жоғары пайданы алуға тырысқан әділетті нарықтық құны бойынша сатылады.

Анықтамалық ақпарат

Кәсіпорындарды сатар алдындағы дайындығы, сату механизмдері, сатылатын объектілер туралы аса толық ақпаратты Сізге біздің сайттын тиісті ақпараттық тарауларында алуға болады.

Жарияланған конкурстар мен аукциондар туралы ең өзекті электрондық алаңы rudgorfo.kz тарауында жарияланады, онда мүдделі сатып алушылар қашан, кайда, кай нысанда сауда – саттық өткізілетіндігін біле алады.

Қосымша сұрақтармен Сізге +7 7143145327 телефон бойынша өтініш жасауға немесе web-сайт арқылы сұрақтарды жіберу үшін кері байланыс нысанымен пайдалануға болады. Сіздің сұрағыңызға біз жедел жауап беруге тырысамыз.

 

Сатуға шығарылған объектілер

Жекешелендірудің объектілері мен кезеңдері

Сату кестесі

Жекешелендірудің екінші толқыны объектілері бойынша ақпарат